Елімізде оқу әдебиетінің сарапшыларын дайындауда: Астана қаласы, 03 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Елімізде оқу әдебиетінің сарапшыларын дайындауда

ҚР Оқу-ағарту министрлігі оқу әдебиетінің сарапшыларын даярлау курстарын бастады. Педагогтер «Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеннің ғылыми-педагогикалық сараптамасы бойынша сарапшылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбы аясында білім алады.

Мақсаты - педагогтердің оқу әдебиетінің сарапшылары ретінде кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.

«Үш ай ішінде тыңдаушылар оқу әдебиетінің мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптармен танысты. Оқу материалдарын сараптау әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы олар өздерінің кәсіби дағдыларын жақсартты. Оқу нәтижелері аралық тестілеу, қорытынды тестілеу және оқулықтың сараптамасы түріндегі практикалық жұмыстарды орындау арқылы бағаланды», — деді Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Назира Абдрахманова.

Курсқа барлығы 581 үміткер өтініш білдірді. Іріктеу және аралық тестілеу нәтижелері бойынша 81 тыңдаушы іріктелді. Кәсіби шеберлік танытып, курстың барлық модульдері бойынша оқуды сәтті аяқтаған үміткерлерге сертификат берілді. Бұл мамандар сарапшылар базасының тізіліміне енгізіліп, оқу әдебиеттерін сараптауға тартылатын болады.

Айта кетейік, педагогтер сарапшыларды даярлау және іріктеуге қатысу үшін орталықтың https://bmso.kz сайтында өтініш бере алады.

Ақпарат көзі: Министерство образования и науки Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігі оқу әдебиетінің сарапшыларын даярлау курстарын бастады. Педагогтер «Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеннің ғылыми-педагогикалық сараптамасы бойынша сарапшылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбы аясында білім алады.

Мақсаты - педагогтердің оқу әдебиетінің сарапшылары ретінде кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.

«Үш ай ішінде тыңдаушылар оқу әдебиетінің мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптармен танысты. Оқу материалдарын сараптау әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы олар өздерінің кәсіби дағдыларын жақсартты. Оқу нәтижелері аралық тестілеу, қорытынды тестілеу және оқулықтың сараптамасы түріндегі практикалық жұмыстарды орындау арқылы бағаланды», — деді Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Назира Абдрахманова.

Курсқа барлығы 581 үміткер өтініш білдірді. Іріктеу және аралық тестілеу нәтижелері бойынша 81 тыңдаушы іріктелді. Кәсіби шеберлік танытып, курстың барлық модульдері бойынша оқуды сәтті аяқтаған үміткерлерге сертификат берілді. Бұл мамандар сарапшылар базасының тізіліміне енгізіліп, оқу әдебиеттерін сараптауға тартылатын болады.

Айта кетейік, педагогтер сарапшыларды даярлау және іріктеуге қатысу үшін орталықтың https://bmso.kz сайтында өтініш бере алады.

Аймақтағы жаңалықтар