Елордада әйел адамды құтқарған өрт сөндірушілер марапатталды
Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Мұхаметғалиев №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Бағлан Бекшенов пен сол бөлімнің жүргізуші Қадыр Өмірзақовты «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапаттады.
Естеріңізге салайық, 10 шілдеде елордалық өрт сөндірушілер көп қабатты тұрғын үйде өрт сөндіру кезінде 7-қабаттағы балконнан әйел адамды құтқарған. Адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен батырлығы мен жанқиярлық еңбегі үшін өрт сөндірушілер медальмен марапатталды.
Күн сайын құтқарушылар мен өрт сөндірушілер дабыл бойынша ТЖ орнына шығады, өрттерді сөндіреді, құтқару операцияларын, авариялық-құтқару және іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізеді, адам өмірін құтқарады.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -