Елордада Kitaphana Fest кітап фестивалі өтті
Астана әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 50 жылдығы және қала күнін мерекелеу аясында Жазушылар аллеясында Kitaphana Fest кітап фестивалі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мәдени-ағарту іс-шарасы 2019 жылдан бері өткізіліп келеді және қалалық ауқымдағы алғашқы кітап фестивалі болып саналады.
«Фестиваль алты жыл ішінде жазушылардың қала тұрғындарымен кездесуіне арналған танымал орындардың біріне айналды. Фестиваль өткен жылдары белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 30-дан астам кітап таныстырылды. Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындарының, оның ішінде балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру», - деді орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының орынбасары Гүлмира Әбілғазина.
Фестиваль барысында балалар жазушылары Зәуре Төрехан, Татьяна Никитина, ақындар Серікбол Хасан, Әкім Ысқақ және басқа да авторлармен кездесулер өтті. Балалар үшін белгілі шығармалардың кейіпкерлерін білуге арналған викториналар, шығармашылық шеберханалар өткізілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -