Елордада колледж студенттеріне қауіпсіздіктің алдын алу бойынша дәріс өтті
Астана қаласында Білім басқарамасы, қалалық прократура мен полиция департаменті, мәдениет және спорт саласы өкілдерінің қатысуымен қалалық мемлекеттік колледж студенттеріне арналған жеке қауіпсіздік сағаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жиын студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Түсіндіру жұмыстары барысында жастардың құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылықтың салдары және өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, түнгі уақытта көшеде жүру, ойын-сауық орындарына бару, ұрлық, бопсалау, нашақорлық, ішімдік қолдану және қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу мәселелері айтылды.
Айта кетейік, бас прократураның тапсырмасына сәйкес, 4-11 қараша аралығында 16 мобильдік топ қызметкерлері қаладағы бес аудан бойынша 115 мемлекеттік мекемеде қауіпсіздік сабақтарын ұйымдастырып, жасөспірімдерге дәріс оқыды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -