Елордадағы Керей-Жәнібек хандар көшесінің учаскесі ішінара жабылады
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандар көшесінің жол төсеміне жөндеу жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Ә.Бөкейхан/Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысы толығымен жабылады.Сонымен қатар 31 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Ә. Бөкейхан көшесінен бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Керей-Жәнібек хандар көшесі ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -