Елордада жаңа учаскелік полиция пункті ашылды
Елордада жаңа учаскелік полиция пункті ашылды.
Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев мәслихат депутаттарымен бірге Көктал-2 шағын ауданында жаңа учаскелік полиция пунктін ашты.
– Жаңа пункттің ашылуы азаматтар үшін қадамдық қолжетімділікте болуға, полицияның әрекет ету жылдамдығын арттыруға, аудандағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың санын азайтуға, сондай-ақ қаладағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін қосымша ресурстар жасауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Астана қалалық ПД бастығы.
№ 71 учаскелік полиция пункті Н.Тілендиев даңғылындағы Жеті жол-3 тұрғын үй кешенінде орналасқан. Үй-жайдың жалпы ауданы 57 шаршы метрді құрайды, ғимарат азаматтарды қабылдауға арналған заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін учаскелік полиция инспекторлары жұмыс істеуде.
Шағын ауданда Астана қаласы әкімдігінің “№5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі” КММ, №68 мектеп-гимназия, автокөлік иелері үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы сияқты маңызды нысандар бар.
– Сарыарқа ауданында жаңа полиция пунктінің ашылуы полиция мен тұрғындардың өзара тығыз қарым-қатынасына, қылмысты дер кезінде ашуға және алдын алуға ықпал етеді. Өйткені, қызмет көрсетілетін шағын ауданда 32 мыңнан астам тұрғын тұрады, – деді мәслихат депутаты Бауыржан Смайылов.
Полиция департаменті азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында елорда әкімдігінің қолдауымен жыл басынан бері қалада бірнеше учаскелік полиция пункттерін ашты.
Бұл бағыттағы жұмыстар қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жүргізіліп жатыр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -