Елордалық боксшы Айбек Оралбай Азияның екі дүркін чемпионы атанды
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ел қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аса ауыр салмақтағы (+92 кг) жерлесіміз Айбек Оралбай 2 жыл бұрынғы Аммандағы жетістігін тағы қайталап, жеңімпаз атанды. Ол финалда Қытай өкілі Абудурешити Ремуланы сан соқтырды. Осылайша, Айбек командаға 4-алтынды салды.
Осыған дейін тағы бір жерлесіміз Санжар күміс жүлдегер атанған болатын. Биылғы Азия чемпионатын еліміздің ерлер құрамасы 4 алтын, 5 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте 2-орында аяқтады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -