Елордалық команда Астанада өткен ұлттық пікірсайыс турнирінде 1 миллион теңге ұтып алды
19-20 қазан күндері Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында өткен бірінші ұлттық пікірсайыс турнирінің финалының қорытындысы бойынша Астана командасы жүлделі орынға ие болып, бір миллион теңге ұтып алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"JasREPUBLIC CUP" дебаттық турнирі "Әділетті, таза және қауіпсіз Қазақстан" тақырыбында өтті және алдағы ұлттық мереке - Республика күніне арналды.
Турнирге Қазақстанның барлық өңірлерінен Астанаға келген 120 үздік дебатер қатысты. Олар Қазақстанда әділдікке, тазалық пен қауіпсіздікке қол жеткізу жолдарын талқылады.
Бұл қызықты әрі тартысты турнирде екі команда, яғни № 5 гимназиясы Астана қаласының НЗМ лиганың жеңімпазы атанды. Әр командаға 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -