Елордалық оқушылар жазда қалай демала алады?
Елордалық оқушылар үшін екі бағыт бойынша демалыс ұйымдастырылды: сауықтыру және жұмыспен қамту. Бұл туралы ведомство басшысының орынбасары Маржангүл Қайырбаева ӨКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«2024 жылдың жазғы кезеңінде жазғы демалыстың барлық түрімен 206 468 оқушы немесе 1-10 сынып оқушыларының жалпы санының 96% қамтылатын болады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру екі бағыт бойынша жүргізіледі – сауықтыру және жұмыспен қамту», - деді Маржангүл Қайырбаева.
Балаларды сауықтыру үшін қаланың білім беру ұйымдарының базасында: 97 мектеп жанындағы лагерь; оқушылардың мүдделері бойынша 75 бейіндік лагерь; балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығының аумағында орналасқан «Батыр» шатырлы лагерінде үш маусым бойы 150 бала қамтылатын болады; № 43 қосымша білім беру мектеп-орталығында «Ақ желкен» спорт лагері жұмыс істейтін болады, 3 маусымнан 23 тамызға дейін 720 баланы қамтиды.
Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін лагерьлер жалпыға бірдей міндетті білім беру қорының қаражаты есебінен тегін болады. Осылайша 7 326 бала демала алады.
Сондай-ақ жақын және алыс шетелдерге туристік сапарлар кезінде 45 820 баланы қамтитын ата-аналар есебінен демалыс қарастырылған.
Ал 5-9 сынып оқушылары «Бөбек», 1-4 сынып оқушылары үшін «Балдәурен – Щучинск», «Балдәурен – Қапшағай», «Балдәурен – Балқаш» республикалық сауықтыру лагерьлерінде денсаулығын нығайта алады. Министрлік квоталарына сәйкес, осы лагерьлерде аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 458 бала жаз бойы демалады.
Жазда балалар уақытын бос өткізбес үшін төрт бағыт қарастырылған:
- Жұмыспен қамту – 43 417 баланы қамтитын 116 іс-шара өткізу жоспарланған («Жасыл ел» көгалдандыру бригадаларында, әлеуметтік қорғау жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыру, студенттердің еңбек жасағы, көгалдандыру бригадалары, мектеп орманшылықтары, өндірістік кәсіпорында жұмыс істеу, жазғы кезеңге арналған шарт бойынша кампаниялар, жөндеу-құрылыс бригадалары, ата-аналармен жұмыс (отбасылық іс).
- Шығармашылық жұмыспен қамту – 99 360 баланы қамти отырып, 300-ден астам іс-шара өткізіледі (әртүрлі мекемелер жанындағы қызығушылықтар бойынша клубтар мен үйірмелер, аула клубтары);
- Спорттық-туристік жұмыспен қамту – 3 330 баланы қамтитын 483 іс-шара өткізіледі (үш күндік жорықтар, экскурсиялар, облыс және республика бойынша туристік танысу сапарлары, көшпелі спорттық жиындар);
- Зияткерлік жұмыспен қамту-балаларды қамтитын 11 іс-шара 4 848 (олимпиадалық резервтің жазғы мектептері, көшбасшылар активінің жазғы мектептері, «Жас Ұлан», «Жас қыран» мүшелерінің жазғы тілдік мектептері, пікірсайыс жасақтары).
Бұдан басқа, Білім басқармасы жазғы демалысты ұйымдастыруға тартылған барлық мемлекеттік құрылымдардың ішінен қалалық ведомствоаралық штаб құрды, қалалық іс-шаралар жоспары бекітілді. 15-20 мамыр аралығында штаб мүшелері, басқарма қызметкерлері мектеп жанындағы лагерьлердің оқушылардың жазғы демалысының басталуына дайындығын алдын ала тексеруді бастады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -