Елордалық құтқарушы Сібір халықаралық марафонына қатысты
Астана қаласы ТЖД қызметкері Жұмекешов Азамат Омбы қаласында (Ресей Федерациясы) Сібір халықаралық марафон-2024 (SIM) жүгіріп өтті.
Сібір халықаралық марафоны – бұл Бүкілресейлік және халықаралық күнтізбелерге енгізілген ресми жарыс, халықаралық деңгейдегі ірі спорттық-мәдени іс-шара. Биыл 42,2 км марафондық арақашықтық аясында Ресей кубогы өтті, бұл өз кезегінде осы спорттық іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін растайды.
Марафон 3 тамызда өтті, оған әлемнің 9 елінен 5,6 мың адам қатысты. Азамат Жұмекешов марафонда Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан ғана емес, еліміздің намысын қорғады. Ол орташа есеппен бір шақырымды 4 минут 36 секундта жүріп өтті. Бүкіл қашықтықты жүгіру үшін оған 3 сағат 22 минут 56 секунд қажет болды. Азамат жарыс қорытындысы бойынша 66-шы орынмен аяқтады, ол мәреге жеткен бірінші жүздікке кірді.
Астана қ ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -