ЕО мен Орталық Азия сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетуде
2024 жылғы 26 маусымда Алматы қаласында Ready4Trade (ХСО) және Орталық Азия Инвест (ЭЫДҰ) жобаларын жабу бойынша қорытынды отырыс өтті.
Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстанмемлекеттік органдары басшыларының орынбасарлары, мемлекеттік және жеке сектордың мүдделі тараптарының өкілдері, сондай-ақ ЕуропалықОдақ (ЕО), Халықаралық сауда орталығы (ХСО) және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) өкілдері қатысты.
Ready4Trade жобасы Орталық Азиядағы (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, ТүрікменстанжәнеӨзбекстан) ішкі өңірлік және халықаралық сауданы дамытуға, трансшекаралық талаптардың ашықтығын арттыруға, нормативтік және рәсімдік кедергілерді жоюға, сондай-ақ трансшекаралық электрондық коммерцияны жақсартуға бағытталған. Орталық Азия Инвест (ОАИ) жобасының мақсаты – өңірдегі инвестициялық климаты нығайту және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға арнлаған.
QazTrade бағалауы бойынша, жобалар мен ұсыныстарды іске асыру және қағазсыз саудаға көшу орта мерзімді кезеңде тауар айналымының 30% өсуіне ықпал етті.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукованың айтуынша:
«Соңғы жылдары Орталық Азия елдерінде сауда рәсімдерін жеңілдету және оңтайландыру, сауда операцияларын жүргізу уақытын қысқарту және кедендік процестерді автоматтандыру бойынша елеулі жұмыстар атқарылды. Бұл соңғы бес жылда тауар айналымын екі есеге арттырып, 10 миллиард долларға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Орта мерзімді перспективада Қазақстан Орталық Азия елдерімен тауар айналымын 15 миллиард долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр».
2023 жылдың мамыр айында Орталық Азия елдерінде өңірдегі барлық елдердің сауда рәсімдерін оңайлату порталдарынан ақпараттарды біріктіретін және бизнеске қажетті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін «CentralAsiaGateway» сауда ақпараттық порталы іске қосылды. Сондай-ақ, жоба аясында «QazTrade Academy» экспорттаушыларға арналған білім беру платформасы әзірленді. Ол халықаралық сауда және электрондық платформаларға шығу бойынша жаңа коучинг құралын ұсынып, Қазақстанның барлық өңірін қамтиды.
Жалпы алғанда, ХСО ұсынған шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бастамалар QazTrade-тің бастапқы экспорттаушылар үшін ынталандыру пакетіне сәтті интеграцияланған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -