Ертіс өзеніне Сібір бекірелерінің шабақтары жіберілді: Абай облысы, 08 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ертіс өзеніне Сібір бекірелерінің шабақтары жіберілді

20:00 кеше - 08 Қазан 2024 жылдың 2 Абай облысыАбай облысының әкімдігі
Ертіс өзеніне Сібір бекірелерінің шабақтары жіберілді

Ертіс өзеніне Сібір бекірелерінің шабақтары жіберілді

Абай облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен Жаңасемей ауданына қарасты Шаған ауылының маңындағы Ертіс өзеніне 128 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді.

Бұл акция Ертістегі бағалы балық түрі – Сібір бекіресінің популяциясын қалпына келтіруге бағытталған. Сонымен қатар, бұндай іс-шаралар аймақтағы биологиялық әртүрлілікті сақтауға ықпал етеді.

Қыркүйек айында Жаңасемей ауданындағы Шүлбі су қоймасына да 83 мың сазан жіберілді. Сонымен қатар, «Oilfish» ЖШС және «БШ ҒЗИ» ЖШС-нің бастамасымен қыркүйек айында Крупская ауылында жергілікті су қоймаларын бекіре тұқымдас балықтармен қорландыру акциясы өтті. Осы акция барысында Ертіске орташа салмағы 12 грамм болатын бекіре тұқымдас балықтар жіберілді.



Ақпарат көзі: Абай облысының әкімдігі


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Абай облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен Жаңасемей ауданына қарасты Шаған ауылының маңындағы Ертіс өзеніне 128 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді.</p> <p>Бұл акция Ертістегі бағалы балық түрі – Сібір бекіресінің популяциясын қалпына келтіруге бағытталған. Сонымен қатар, бұндай іс-шаралар аймақтағы биологиялық әртүрлілікті сақтауға ықпал етеді.</p> <p>Қыркүйек айында Жаңасемей ауданындағы Шүлбі су қоймасына да 83 мың сазан жіберілді. Сонымен қатар, «Oilfish» ЖШС және «БШ ҒЗИ» ЖШС-нің бастамасымен қыркүйек айында Крупская ауылында жергілікті су қоймаларын бекіре тұқымдас балықтармен қорландыру акциясы өтті. Осы акция барысында Ертіске орташа салмағы 12 грамм болатын бекіре тұқымдас балықтар жіберілді.</p>

Аймақтағы жаңалықтар