ЕСЕНОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ҚАДАМ
Есенов университетінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру процесіне интеграциялауға бағытталған Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы белсенді түрде енгізілуде. Бұл маңызды бастама – барлық студенттерге, олардың ерекшеліктеріне қарамастан, тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Университет білім беру процесінің әрбір қатысушысының әлеуетін ашуға көмектесетін қолжетімді және қолдау көрсететін білім беру ортасын құруға ерекше назар аударады.
Осы орайда «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының маңызды бөлігіне айналған инклюзивті білім беру кабинеті ерекше рөл атқарады. Бұл мамандықтың студенттері инклюзия кабинетінде практикалық сабақтардан өтіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің заманауи әдістерін меңгереді. Кабинет арнайы оқыту құралдарымен жабдықталып, оқытушыларға инклюзивті білім беру саласындағы біліктілікті арттыру мақсатында тренингтер мен кеңестер ұйымдастырылады.
Оқу процесі барысында студенттер даму ерекшеліктері әртүрлі балалармен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесінен өтеді. Педагогика кафедрасының аға оқытушысы, арнайы мектеп дефектологы және педагог-эксперт Г.Жолдыбаева есту, көру қабілеттерінде ауытқулары бар, психикалық дамуы тежелген, сондай-ақ қарым-қатынас және мінез-құлық бұзылыстары бар балалармен жұмыс істейді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу жоғары біліктілікті, сезімталдықты және ерекше назарды талап етеді. Инклюзивті білім беру ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуына ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге барлық білім беру процесінің қатысушыларының білімін кеңейтеді, сондай-ақ төзімділік, өзара түсіністік пен ерекше жағдайларға құрметті қалыптастырады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -