ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНДАҒЫ КАРТЕЛЬДІК СӨЗ БАЙЛАСУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА 342 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тергеу жүргізді, оның барысында бірнеше фармацевтикалық компанияларға қатысты істер сот тәртібімен қаралды. «Медсервис плюс «КФК» ЖШС, «Ақниет» ЖШС және «Стофарм» ЖШС компаниялары «СК-Фармация» ЖШС жүргізетін дәрілік заттарды тасымалдау және сақтау бойынша қызметтерді сатып алу кезінде картельдік келісімге қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Сот талқылауы нәтижесінде сөз байласуға қатысқан ұйымдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 342 млн.теңгеге айыппұл салынды. Сот бұл фармацевтикалық компаниялардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу екенін, ойдан шығарылған бәсекелестік туғыза отырып, алдын ала уағдаласқанын және лоттарды өзара бөлгенін растады.
Тергеу туралы егжей-тегжейлі ақпарат, сондай-ақ дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтер нарығында монополиялаудың пайда болу себептерін талдау Агенттіктің ресми сайтында қолжетімді:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/686641?lang=kk
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -