Global Innovation Index: Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің көшбасшыларының үштігіне кірді
Қазақстан Жаһандық инновациялық рейтингте орталық және Оңтүстік Азия елдерінің көшбасшыларының үштігіне кіріп, 78-ші орынға ие болды. Қазақстан инновациялық ресурстар (72-орын) саласында, үкіметтің онлайн қызметтері (8-орын), пайдалылық модельдері (10-орын), электрондық қатысу (15-орын) және кәсіпкерлік саясаты мен мәдениетінде (25-орын) ең жақсы нәтижелерді көрсетеді.
Орталық және Оңтүстік Азияда Үндістан 39-орынға көтеріліп, бұл көрсеткіште жетекшілік етеді, одан кейін Ислам Республикасы Иран (64-орын), Қазақстан (78-орын) және Өзбекстан (83-орын) келеді. Үндістан мен Қазақстаннан басқа, өңірдегі тағы үш экономика рейтингте көтерілді: Шри-Ланка (89-орын), Қырғызстан (99-орын) және Тәжікстан (107-орын).
Глобалдық инновациялық индекс (ГИИ) шеңберінде инновациялық қызметтің көрсеткіштерін экономикалық және геосаяси жағдай аясында, белгісіздікпен сипатталып, талдау жүргізіледі. 132 экономикадағы инновациялық қызметтің тиімділігін талдай отырып, ГИИ авторлары әлемнің инновациялар тұрғысынан ең алдыңғы қатарлы экономикаларын бағалайды, сонымен қатар олардың күшті және әлсіз жақтарын атап өтеді.
Индекс инновациялар саласындағы толық суретті қамтамасыз ету мақсатында 80-ге жуық көрсеткішті қамтиды, олардың ішінде әр елдің саяси жағдайы, білім беру жүйесі, инфрақұрылымы және білім жасаумен байланысты көрсеткіштер бар. ГИИ негізіндегі әртүрлі көрсеткіштер инновациялық тиімділікті бақылауға және бір өңір немесе кіріс деңгейі бойынша елдердің даму деңгейлерін салыстыруға көмектеседі.
ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -