GOSAT көмегімен ашықтық: әлемге жаңа тексеру механизмін ұсыну
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаев COP29 алаңында Жапонияның «GOSAT көмегімен ашықтық: әлемге жаңа тексеру механизмін ұсыну» тақырыбындағы іс-шарасына қатысты.
Сессияға Орталық Азия елдерінің, сондай-ақ Әзербайжанның өкілдері қатысты. Өз сөзінде М. Ошурбаев: «Біздің бірлескен жұмысымыз парниктік газдар шығарындыларын кері модельдеуді талдау үшін GOSAT сериялы спутниктің мүмкіндіктерін пайдалануға бағытталған, бұл ұлттық кадастрдағы есептеулерді, сондай-ақ құжатта белгіленген мақсатты жылмен BTR1 үшін сапаны бақылау және тексеру процестерін жетілдіруге мүмкіндік береді» деп атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -