Хабарландыру: Астана қаласы, 19 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі Ұлттық деңгейде айқындалған үлес 3.0-ді (бұдан әрі – ҰДАҮ) әзірлеуге кіріскенін хабарлайды. Аталған құжатты 2025 жылы бекітіп, БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы Хатшылығына ұсыну, сондай-ақ оны Бразилияның Белен қаласында өтетін Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Негіздемелік конвенциясы Тараптарының 30-шы конференциясында (COP30) таныстыру қажет.

ҰДАҮ 3.0 үш негізгі бағытты қамтиды:

1) экономиканың барлық секторлары бойынша мақсаттарға қол жеткізу шаралары, соның ішінде Париж келісімінің 6-бабын жүзеге асыру және шығарындылар саудасы жүйесін күшейту арқылы;2) іс-шаралар мен жобаларды қаржыландыру көздері;3) қаржыландыруға қол жеткізу механизмдері мен олардың түрлері бойынша жіктелуі (гранттар, жеңілдетілген несиелер, қарыздар және басқа да құралдар).

Жаңа қаржылық құрылым мен инвестициялық жоспарды әзірлеу мақсатында нақты жоспарлар мен жобалар негізінде салалық және қаржылық модельдер жасалуда.

Осыған байланысты Министрлік халықаралық серіктестердің қолдауымен ҰДАҮ әдістеріне қатысты пленарлық ашық отырыстар мен техникалық тренингтер сериясын ұйымдастыруда.

Министрлік 4 желтоқсан сағат 10:00-де басталатын ҰДАҮ әдістеріне қатысты пленарлық ашық отырыстарға, сондай-ақ 5 желтоқсанда Гейдар Әлиев көшесі, 14 мекенжайында орналасқан Hilton қонақ үйінде өтетін модельдеу бойынша Техникалық тренингке қатысуға шақырады.

Ақпарат көзі: Министерство экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі Ұлттық деңгейде айқындалған үлес 3.0-ді (бұдан әрі – ҰДАҮ) әзірлеуге кіріскенін хабарлайды. Аталған құжатты 2025 жылы бекітіп, БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы Хатшылығына ұсыну, сондай-ақ оны Бразилияның Белен қаласында өтетін Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Негіздемелік конвенциясы Тараптарының 30-шы конференциясында (COP30) таныстыру қажет.

ҰДАҮ 3.0 үш негізгі бағытты қамтиды:

1) экономиканың барлық секторлары бойынша мақсаттарға қол жеткізу шаралары, соның ішінде Париж келісімінің 6-бабын жүзеге асыру және шығарындылар саудасы жүйесін күшейту арқылы;2) іс-шаралар мен жобаларды қаржыландыру көздері;3) қаржыландыруға қол жеткізу механизмдері мен олардың түрлері бойынша жіктелуі (гранттар, жеңілдетілген несиелер, қарыздар және басқа да құралдар).

Жаңа қаржылық құрылым мен инвестициялық жоспарды әзірлеу мақсатында нақты жоспарлар мен жобалар негізінде салалық және қаржылық модельдер жасалуда.

Осыған байланысты Министрлік халықаралық серіктестердің қолдауымен ҰДАҮ әдістеріне қатысты пленарлық ашық отырыстар мен техникалық тренингтер сериясын ұйымдастыруда.

Министрлік 4 желтоқсан сағат 10:00-де басталатын ҰДАҮ әдістеріне қатысты пленарлық ашық отырыстарға, сондай-ақ 5 желтоқсанда Гейдар Әлиев көшесі, 14 мекенжайында орналасқан Hilton қонақ үйінде өтетін модельдеу бойынша Техникалық тренингке қатысуға шақырады.

Аймақтағы жаңалықтар