Халал өнімдерін таңдаған тұтынушыларды қорғау халықаралық деңгейде талқыланды
Ыстамбұлда Ислам мемлекеттерінің стандарттау және метрология институтының (SMIIC) XIX Бас Ассамблеясы өтті. Ислам ынтымақтастығы ұйымының (OIC) қолдауымен өткен бұл шарада 2010 жылдың тамызында құрылған SMIIC институты Халал талаптарына сай аккредиттеу, стандарттау және сертификаттау жүйесін құру мәселесі талқыланды. Институттың негізгі мақсаты – діни талаптарды заманауи технологиялармен үйлестіре отырып, таза және қауіпсіз Халал өнімдер мен қызметтерді қамтамасыз ететін стандарттарды әзірлеу.
Бұл шараға Қазақстаннан Ұлттық аккредиттеу орталығы (ҰАО) өкілдері қатысты. Олар күн тәртібіндегі мәселелрді талқылау барысына қатысты. Онда ұсыныстарға дауыс беріп, SMIIC-тің 2024 жылғы жұмыс қорытындылары туралы есептерін бағалау, сондай-ақ 2025 жылға арналған даму жоспарларын қарау қарастырылды. ҰАО-ның қатысуы Қазақстандағы Халал сапа жүйесін халықаралық стандарттарға бағыттай отырып, бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге ықпал етеді.
2020 жылдан бастап ҰАО елде аккредиттелген Халал сертификаттау жүйесін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 2023 жылы алғаш рет отандық өнімдер мен қызметтердің Халал сәйкестігін растау органына аккредитация берілді. Қазақстанның SMIIC қызметіне қатысуы Халал өнімдерін таңдаған тұтынушылардың мүддесін қорғауға және техникалық кедергілерді жою, техникалық реттеу саласындағы саясатты үйлестіру арқылы OIC елдері арасындағы сауданы дамытуға ықпал етеді.
Бүгінгі таңда SMIIC құрамына 2 миллиардтан астам халқы бар 44 ел кіреді. Қазақстан 1995 жылдан бастап OIC-тың, ал 2018 жылдан бастап SMIIC-тің толыққанды мүшесі болып табылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -