Халықаралық Валюта Қоры делегациясының Қазақстан Республикасына сапары
2024 жылғы 23 мамырда Николя Бланше мырзаның басқаруымен Халықаралық Валюта Қорының (бұдан әрі – ХВҚ) Алматы қаласына сапары болды. ХВҚ Миссиясы сапарының барысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы М.Е. Әбілқасымовамен кездесу болып өтті.
ХВҚ Миссиясы сапарының мақсаты Қазақстан экономикасының ағымдағы жай-күйіне бағалау жүргізу, оның даму перспективаларын қарау болды. ХВҚ өкілдерімен кездесу барысында Қазақстан үшін өзекті болып табылатын негізгі экономикалық және қаржылық мәселелер талқыланды. Диалогтың негізгі тақырыптары қаржы секторындағы соңғы үрдістер, Қаржы Секторын Бағалау Бағдарламасы (Financial Sector Assessment Program, FSAP) өткізілгеннен кейін берілген ХВҚ ұсынымдарының орындалуы болды.
ХВҚ Миссиясының Алматыға сапары Агенттік пен ХВҚ арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Кездесулердің қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар қаржы институттары мен тұтастай алғанда ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтіледі.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -