Халықпен кездесу. Атырау
Атырау қаласында экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың халықпен кездесуі өтті, оның барысында ол Атырау облысының тұрғындарын толғандыратын сұрақтарға жауап берді.
Бүгінгі таңда Атырау облысы еліміздегі экологиялық қолайсыз өңірлерінің бірі.
Облыс бойынша ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемі 108 мың тоннаны құрайды, оның 85% - ы кәсіпорындардың үлесіне тиесілі. Негізгі үлесті мұнай-газ секторының 4 кәсіпорны қосады. Олар: «Теңізшевройл» ЖШС, «NCOC» компаниясы, «АМӨЗ» ЖШС және «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ.
Аталған мекемелердің шығарындыларын бақылау мақсатында Министрлікке деректерді бере отырып, мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні «Атырау мұнай өңдеу зауыты» мен «Атырау жылу-электр орталығы» жүйені енгізді. «NCOC N.V.» филиалы, «Теңізшевройл» және «KPI» ЖШС орнату процесінде.
Сонымен қатар, қаладағы күкіртті сутектің негізгі көздері кәріздік тазарту қондырғылары мен «Тухлая балка» және «Квадрат» булану алаңы болып отыр.
Атмосфералық ауаның жай-күйін жақсарту мақсатында облыстың экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөнінде Жол картасы бекітіліп, оған 45 іс-шара кірді.
Аталған жол картасы аясында «Тухлая балка» мен «Квадрат» булану алаңдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде және қаланың сол жағалауында кәріздік тазарту қондырғысының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, қалада атмосфералық ауаға шығатын шығарындылардың барлық көздеріне түгендеу жұмыстары жүргізілді.
Аймақтағы тағы бір елеулі мәселелердің бірі - рұқсат етілмеген қоқыс орындары. 2023 жылы қоқыстарды рұқсатсыз орналастырудың 100 орны анықталып, оның 95% жойылды.
Полигондарды жою бойынша әлсіз жұмыс үшін әртүрлі деңгейдегі 30 әкім жалпы сомасы 882,4 мың теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, М.Ошуррбаев азаматтарды жеке қабылдап, Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -