Хромтауда кәсіпкерлерге қолдау артып келеді: Ақтөбе облысы, 12 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Хромтауда кәсіпкерлерге қолдау артып келеді

Хромтауда кәсіпкерлерге қолдау артып келеді

Хромтауда кәсіпкерлерге қолдау артып келеді

Хромтауда кәсіпкерлерге қолдау артып келеді

Хромтауда кәсіпкерлерге қолдау артып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов ауданның шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шараларына тоқталды. Спикердің айтуынша, биыл кәсіпкерлерге қолдау көрсету деңгейі бойынша Хромтау алдыңғы қатарларда. Жыл басынан бері кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлтты жоба аясында 118 хромтаулық кәсіпкердің жобасы 5,2 млрд теңгеге қолдау тапты.

«Хромтау ауданындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3200-ден асады. Былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім бар. Аудан кәсіпкерлеріне кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында тиісті қолдау көрсетілуде. Одан бөлек тек қана біздің ауданда жүзеге асырылып жатқан «Өркен» бағдарламасы бар. Аталмыш бағдарлама аясында биыл 95 несие игеріліп оған 2 млрд теңге бөлінді»  - деді Нұрхан Тілеумұратов.

Атап өтейік, Хромтаудағы шағын және орта бизнес жобаларын қолдауға бағытталған «Өркен» бағдарламасы былтырдан бері жүзеге асырылып келеді. Жалпы алғанда бұл бағдарламаға 2 млрд теңге қарастырылған: «Даму» қоры — 1 млрд теңге, ERG — 500 млн теңге және Ақтөбе облысының әкімдігі — 500 млн теңге.



Ақпарат көзі: ГУ «Акимат Актюбинской области»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов ауданның шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шараларына тоқталды. Спикердің айтуынша, биыл кәсіпкерлерге қолдау көрсету деңгейі бойынша Хромтау алдыңғы қатарларда. Жыл басынан бері кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлтты жоба аясында 118 хромтаулық кәсіпкердің жобасы 5,2 млрд теңгеге қолдау тапты.</p> <p><strong>«Хромтау ауданындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3200-ден асады. Былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім бар. Аудан кәсіпкерлеріне кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында тиісті қолдау көрсетілуде. Одан бөлек тек қана біздің ауданда жүзеге асырылып жатқан «Өркен» бағдарламасы бар. Аталмыш бағдарлама аясында биыл 95 несие игеріліп оған 2 млрд теңге бөлінді»</strong>  - деді Нұрхан Тілеумұратов.</p> <p>Атап өтейік, Хромтаудағы шағын және орта бизнес жобаларын қолдауға бағытталған «Өркен» бағдарламасы былтырдан бері жүзеге асырылып келеді. Жалпы алғанда бұл бағдарламаға 2 млрд теңге қарастырылған: «Даму» қоры — 1 млрд теңге, ERG — 500 млн теңге және Ақтөбе облысының әкімдігі — 500 млн теңге.</p>

Аймақтағы жаңалықтар