Инвестициялық перспективалар: ақтөбелік делегация Алматыда бірнеше кездесу өткізді
Өңір басшысының тапсырмасымен Алматы қаласына іссапармен барған облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов ынтымақтастықты және инвестициялық жобаларды дамыту перспективалары бағытында бірнеше кездесу өткізді.
Екінші күні ақтөбелік делегация Кореяның сауда және инвестицияларды ілгерілету агенттігінің (KOTRA), кеңсесінде болды. Сондай-ақ, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдарының, соның ішінде «Almaty Business Development Company» АҚ қызметімен танысты.
KOTRA басшылығымен кездесу барысында Ақтөбе қаласында құрылып жатқан арнайы экономикалық аймақты тиімді дамыту және басқару үшін жетекші корей компанияларын тарту, өзара тиімді ынтымақтастық орнату, сонымен бірге инвестициялар тарту және сыртқы сауданы кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.
Ал «Инвестициялар үйінде» ақтөбелік делегацияға инвестициялық ахуалды жақсарту, бизнесті қолдау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге бағытталған бағдарламалар туралы ақпарат берілді.
Сапар аясында нарықта қарқынды дамып келе жатқан жергілікті «ЭНКО» компаниясы да өз жұмыстарын таныстырып, Ақтөбе облысының аумағында қызметін кеңейту перспективаларын талқылады.
Абзал Әбдікәрімов өңірлер арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту аса маңызды екенін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -