Әйелдер басқаратын шағын және орта кәсіпкерлік зияткерлік меншік басқару клиникаларын құру бойынша ДЗМҰ жобасы іске қосылады
2024 жылдың 3 қыркүйегінде Орталық Азия елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан) және Беларусьті қамтитын әйелдер басқаратын ШОК субъектілеріне арналған ЗМ басқару клиникалары ДЗМҰ жобасы құрылды.
Аталған шараға қатысқан ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова бұл жоба өңірімізде әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және инновацияны ілгерілету жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Сонымен қатар жоба қатысушыларды қажетті құралдармен қамтамасыз ете отырып, зияткерлік меншікті пайдалану мен қорғаудың тиімді стратегияларын әзірлеу, бұл олардың өнімдері мен қызметтерінің әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға маңызды үлес қосатын болады.
Қазақстан атынан жобада бірқатар табысты компаниялар ретінде ұлттық тағам өнімдерін өндіруші «EcoDom» (Павлодар), «Artlab» креативті ойлау мектебі (Астана), коммерциялық брендтерді әзірлеуші «Bigname» (Астана қ), «Adili» дизайн студиясы (Астана) және SARQYT«МК Corporation» (Ақтөбе) бірегей музей-мейрамханасының өкілдері еліміздің мәдени мұрасын белсенді түрде насихаттайтын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -