Әйелдер күресі: елордалық палуан әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері атанды
Астана қаласының спортшысы Жәмила Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен Олимпиада бағдарламасына кірмейтін әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ол 72 келіге дейінгі салмақтың финалында жапон палуаны Ами Ишимен күш сынасып, аса тартысты белдесуде есе жіберді. Есеп: 6-10.
Айта кетейік, 28 жастағы бозкілем шебері ересектер арасында 2021 жылдан бері әлем чемпионатынан құр қол қайтпаған. Жәмила 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградта күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербия астанасында үздік үштікті түйіндеген болатын.
Осылайша Жәмила қазақ қыздары арасынан 4 мәрте жүлде алған алғашқы балуан.
Жәмила Бақбергенованың жеке бапкері – Нұрсұлтан Теміров.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -