JOLTAP: елордалық келіншек тігіншілікті қалай үйренгені туралы айтты
JOLTAP жобасы арқылы кез келген мамандықты бір айда меңгеріп шығуға болады. Елордалықтар осы жобаға қатысып, мобилограф, SMM, таргет секілді трендтегі мамандықтарды үйреніп жүр. Әрі осы бағыт бойынша жұмысқа орналасып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл жобаға 18-50 жас аралығындағы астаналықтар қатыса алады. Қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан жоба аясында тұрғындар бос жұмыс орындары мен цифрлық дағдыларды игеру мүмкіндіктері бойынша тегін кеңес ала алады.
Бүгінгі күнге дейін қала тұрғындары цифрлық және жұмысшы мамандықтарды меңгеріп, жұмысқа орналасуда. Солардың бірі – Маржан Бауыржан. 35 жастағы келіншек бүгінде жолдасы екеуі 4 баланы тәрбиелеп отыр.
«Мен 10 жылдан бері бала күтіміне байланысты декреттік демалыстамын. Бала-шағама, отбасыма өзім киім-кешек тіккім келетін. Бір күні әлеуметтік желіден осы хабарландыруды көріп қалдым. Содан дереу қаладағы пунктердің біріне барып, тігінші курсына жазылдым. Арада көп уақыт өтпей курсты бастап кеттім,» - деді елордалық тұрғын.
Көпбалалы келіншек бір айдың ішінде тігіншілікті толық меңгеріп шыққан.
«Курс бір ай бойы, күнделікті өтеді. Кіріспе сабақта тігін тігудің негізін және түрлерін үйрендік. Одан әрі киімді пішу мен тігуді көрсетті. Оқыту процесі өте қызықты өтті. Оқытушылар барлығын қарапайым тілмен түсіндіріп берді. Кейін алған білімді іс жүзінде көрсетіп, үйретті», - деді ол.
Ал курсты аяқтаған соң сертификаттар табысталады.
«Бұл жобаның көпке тигізер пайдасы мол. Әр адам аз уақытта тегін мамандық игере алады. Болмаса қосымша біліктілігін арттырады. Менің ойымша, тігін тігуді әр келіншек білгені абзал. Осы жобаның арқасында жаңа орта, жаңа таныстар таптым», - деді Маржан Бауыржан.
Қысқа мерзімді оқытуға жазылу қаладағы «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктерінде өтеді. Мұндағы мақсат – елордалықтардың табысын арттыруға жағдай жасау.
«Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері Астана қаласындағы мына мекенжайларда орналасқан:
«Жастар» сарайы Республика даңғылы, 34;
«Встреча» СҮ, Абылай хан даңғылы, 31;
«Азия парк» СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21;
«Тұлпар» СО, Ш.Уәлиханов көшесі, 24;
«Mechta» СҮ, Сығанақ көшесі, 3;
«Әлем» СҮ, Бөгенбай батыр даңғылы 62;
«Рахмет» СҮ, Тілендиев даңғылы, 15;
ЕМО, Бейбітшілік көшесі, 9;
«Рахмет» СҮ, Момышұлы даңғылы, 10;
«Жанұя», Бейбітшілік көшесі, 14;
«Дәулет» СҮ, Біржан сал көшесі, 2.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -