JOLTAP жобасы: Астанада жұмыс пен мамандар іздеуге арналған платформа іске қосылды
Астанада жұмыс іздеу және тапсырыстар бойынша «JUMYSTAP.kz» сервистік платформа іске қосылды. Бұл бизнес үшін қызметкерлер іздеу мәселесін айтарлықтай жеңілдетеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«JUMYSTAP.kz» платформасының басты міндеті елордадағы кадрлық жетіспеушілік пен жұмыссыздық проблемасын жылдам шешу болып саналады. Жұмыс берушілер платформаны тұрақты жұмыс орнына өз хабарландыруларын, сондай-ақ көлемді тапсырыстарды орындау үшін жылдам жариялау мақсатында пайдалана алады.
«JUMYSTAP.kz» платформасы – бұл Астана әкімдігінің бастамасы болып саналады және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы азаматтардың табысын арттыруға бағытталған «JOLTAP» жобасының бір бөлігі. Платформаның жұмысын елорда әкімі Жеңіс Қасымбек 5 тамызда жоба түлектерімен кездесуде іске қосты.
Платформада 15 дағды бойынша «JOLTAP» жобасының 5 мыңнан астам түлегі ұсынған 7 цифрлық (SMM, сайт әзірлеу, видеомонтаж, графикалық дизайн, мобилография, маркетплейстердегі сауда, таргет) және 8 жұмысшы (тігінші, модельер-конструктор, бухгалтерлік есеп негіздері, корпустық жиһаз жасау негіздері, сатушы-кассир, электр газбен дәнекерлеуші, бариста, аяқ киім жөндеу).
Цифрлық мамандықтар бойынша тапсырыстар мен жұмыстарды іздеу ауқымы шектелмейді – жоба түлектері тапсырыстарды тек Астанада ғана емес, бүкіл Қазақстан мен ТМД аумағында қабылдай алады. Өз кезегінде, жұмысшы мамандықтарының түлектері көлемді жұмыстарды бірлесіп орындау үшін топ болып біріге алады. Мысалы, 5 дәнекерлеушіден тұратын топ ірі тапсырыс алып, әрқайсысы 500 мың теңгеден астам табыс табады.
Платформа жұмыс берушілер үшін де, жұмыс іздеушілер үшін де толығымен тегін.
Хабарландырулар мен ізденушілер пулы бойынша ыңғайлы іріктеу қарастырылған. Ең бастысы – Whatsapp мессенджері арқылы жұмыс берушілер/тапсырыс берушілер мен өтініш берушілер/тапсырыс берушілер арасында тікелей байланыс қамтамасыз етілген.
«JUMYSTAP.kz» платформасының демеушілері «JOLTAP» жобасының серіктестері – «Asyl Qala» құрылыс материалдары зауыты және «Астананың тұрақ орындары» ЖШС қатысады.
Платформа туралы барлық сұрақтар бойынша «JOLTAP» жобасының сall-орталығына хабарласуға болады: +7 707 221-31-31.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -