Көміртегі қорын құруға және көміртегі нарықтарының цифрлық трансформациясына арналған сайд-ивент
2024 жылғы 14 қарашада Qazaqstan павильонында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында (COP 29) көміртегі қорын құруға және көміртегі нарықтарының цифрлық трансформациясына арналған маңызды сайд-ивент өтті. Іс-шара Қазақстанның орнықты даму және климаттық өзгерістерге қарсы күрес саласындағы негізгі бастамаларын талқылаған жетекші сарапшылар мен мемлекет қайраткерлерін, халықаралық ұйымдардың өкілдерін жинады. Іс-шараны «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ ұйымдастырды.
Кіріспе сөзінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Министрі Ерлан Нысанбаев Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу үшін ұжымдық күш-жігердің маңыздылығын және барлық экологиялық төлемдерді шоғырландыру үшін негізгі оператор ретінде көміртегі қорын құру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ХЖТИЖО басқарма төрағасы Дидар Кәрімсақов өз сөзінде Қор тұрақты жобаларды қаржыландыру және жасыл технологияларға инвестициялар тарту үшін маңызды құрал болатынын атап өтті.
Сонымен қатар, іс-шарада орнықты даму саласындағы жетекші сарапшылар сөз сөйледі, соның ішінде:
• Самех Вахба, Еуропа мен Орталық Азиядағы тұрақты даму жөніндегі аймақтық директор, Дүниежүзілік банк.
• Ян-Виллем ван де Вэн, Халықаралық климаттық саясат және өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы, ЕҚДБ.
• Виктор Коваленко, EY серіктесі, Кавказдағы және Орталық Азиядағы тұрақты даму тәжірибесінің жетекшісі, Ernst & Young.
Сондай-ақ, іс-шараға Қазақстан қор биржасының (KASE), DeepRock Group және Khan Tengri Capital өкілдері қатысты.
Іс-шараның модераторы UK Export Finance бизнес-ұйымдастыру және клиенттермен жұмыс бөлімінің жаһандық басшысы Вомик Нур Шах болды, ол қызықты әрі нәтижелі пікірталас жүргізді.
Әрбір презентация көміртегі нарықтарының маңыздылығына және олардың энергетика және өнеркәсіп секторларын жаңғырту үшін ашатын мүмкіндіктеріне назар аударды. Көміртегі нарықтарының тиімді жұмысының маңызды элементі ретінде цифрлық технологияларға ерекше назар аударылды. Мамандар цифрлық шешімдерді енгізудегі кедергілерді еңсеруге және цифрлық трансформацияны ынталандыру үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік құруға бағытталған табысты бастамаларды талқылады.
Іс-шарада көміртегі мен жасыл технологияларды дамытуға бағытталған маңызды келісімдерге қол қойылды, атап айтқанда:
ХЖТИЖО және DeepRock Group (Қытай) арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум. Ақпарат үшін, DeepRock еншілес компаниясы болып табылады Vesco Group (Қытай) - айналымы жылына 40 млрд. доллардан асатын құрылыс бизнесінің көшбасшысы.
ХЖТОИЖ типі мен Tact Invest Group (Германия) арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум. Ақпарат үшін, TACT Invest Green Tech жобаларын, стартаптарын және венчурлық бағдарламаларын қолдауға маманданған.
Imani Capital Investment & Advisory LLC және Apex Green Fund арасындағы 150 миллион долларға инвестициялық келісім. ХЖТОИЖ және Apex Management GP Ltd Қазақстан мен Орталық Азиядағы жасыл экономиканы дамыту үшін АХҚО платформасында жеке үлестік қорлардың қатысуымен жасыл қаржыландыруды тарту бойынша бірлесіп жұмыс істейді.
Сондай-ақ, Planetary Carbon Standard көміртегі несиелерін верификациялау, жасыл энергетика, көміртегі іздері, орман екпелерін мониторингілеу саласындағы жобаларды сараптамалық сүйемелдеуге қатысты уағдаластықтарға қол жеткізілді. Ақпарат ретінде, Planetary Carbon Standard бас кеңсе Лондонда орналасқан. Өз қызметі аясында 8,6 млн көміртекті несие өндірді.
Қорытындылай келе, қатысушылар Қазақстанның тұрақты дамуына қол жеткізу және климаттық сын-тегеуріндермен күресу үшін мемлекет, бизнес және ғылыми топтар арасындағы одан әрі ынтымақтастық қажеттілігі туралы қорытындыға келді. Сайд-ивент халықаралық аренада өзара әрекеттесуді тереңдетуге ықпал ететін тәжірибе алмасу және стратегияларды қалыптастыру үшін маңызды платформаға айналды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -