«Күміс еріктілер»: елордада волонтер қариялар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жұмысына атсалысып жүр
Астанада волонтер ата-әжелер 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұйымдастыру жұмыстарына атсалысып жүр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көшпенділер ойынына тартылған волонтерлер арасында Нұра ауданы бойынша БҰӨСО-ның 20-ға жуық ерікті ата-әжелер де бар.
«Күміс еріктілер» клубының әжелері елімізде өтіп жатқан тарихи оқиғаға белсене атсалып, «Ұлы дала дүбірі» көшпенділер ойынының қонақтарын қарсы алу жұмысын ұйымдастыруда.
Ерікті ата-әжелер таңғы сағат 10-нан бастап белгіленген нысандарда ішкі тәртіп жұмыстарын жүргізуде. Этноауылдағы көрермендер мен қала қонақтарына ойынның бағдарламасы мен нысандардың орналасуы бойынша анықтамалық көмектер көрсетіп, қоғамдық тәртіптің сақталуына өз үлестерін қосуда.
Ерікті Ләззат Дүйсебайқызы бастаған «Күміс еріктілер» клубы Ресей мен Бразилиядан келген еріктілермен бірлесіп, 36 нысанның аумағында қызмет көрсетеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -