Әкімдік отырысы туралы
2024 жылғы 21 тамызда сағат 10-00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кезекті отырысы Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, №108 залда өтеді.
Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.
Онлайн, оффлайн түрде қатысуға ниет білдіргендер отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, қағаз немесе электрондық түрде өтініш беруге болады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.
Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте, тел.71-31-54 бойынша қабылдайды, электрондық түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz. поштасына жіберуге болады.
Отырысқа қатысуға жіберілгендер ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -