Кәмелетке толмағандар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы
Діни экстремизмнің алдын-алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде Маңғыстау облысының жалпы білім беру мектебінде кезекті маңызды іс-шара өткізілді.
Бұл жолы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Ж.Сүлейменов пен Ж.Ақан «Маңғыстау облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасын іске асыру аясында мектеп мұғалімдердің қатысуымен мектеп оқушыларына теріс ағымдарға тап болмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, толық ақпарат берді.
Сондай-ақ, ұстаздарға кәмелет жасқа толмағандармен дерадикализация жұмыстарын жасау ерекшеліктерін түсіндіріп, теріс діни ағымға тап болған оқушылармен жұмыс жасау әдістері туралы толық мәлімет берілді.
Шара соңында қатысушыларға брошюралар таратылып, өздерінің ойлары мен сұрақтарын ортаға салып, қажетті мағлұмат алып, ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.
Маңғыстыу облысы ТҚК аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -