Көп пәтерлі үйлерде алдын алу жұмыстары
Департамент қызметкерлері газтехникалық инспекциямен, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментімен, сондай-ақ еріктілер ұйымдарымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру барысында Жаңа Орда, Жеңіс, Қонаев, Строитель және 5-ші шағын аудандарында биіктігі 28 метрден асатын көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ балалардың терезеден құлауының жазатайым оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Рейд барысында 22 үйдің өрт қауіпсіздігі жағдайы тексеріліп, қарапайым серіктестіктердің, мүлік иелері бірлестіктерінің және пәтер иелері кооперативтерінің өкілдерінің назарына бұзушылықтар жеткізілді. Жалпы саны 1610 адамды қамтыған тұрғындармен және басқарушы ұйымдардың өкілдерімен нұсқаулық жүргізіліп, көрнекі үгіт материалдары таратылды.
Сонымен қатар, облыс аумағындағы елді мекендердің көшелерінде, адамдардар жаппай болатын объектілердің маңында, тұрғын үйлердің аулаларында дауысзорайтқыш құрылғысы арқылы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ақпараттар жеткізілуде. Сондай-ақ, үйлерге кіреберіс есіктерінде толықтырылған шындық технологиясымен «Азбука безопасности 4D» төтенше жағдайлар жөніндегі плакаттар орналастырылуда.
Сонымен
қатар,
Өрт
сөндіру
қызметімен үйлердің тұрғындарын эвакуациялау, сондай-ақ халықты өрт кезіндегі іс-қимылдарға оқыту бойынша 2 өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
Осы жаттығулар барысында, тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялау, адамдарды құтқару және өртті сөндіру бойынша практикалық іс-әрекеттер пысықталды.БҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -