Көрмелердің сауда байланыстарын нығайтудағы және экспортты дамытудағы рөлі
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Астанада өткен 19-шы Қазақстан-Қытай жәрмеңкесінің ашылуында баяндама жасады.
Өз сөзінде Қайрат Төребаев жәрмеңкенің екі елдің экономикалық өміріндегі басты оқиға ретіндегі маңыздылығын атап өтті. 2003 жылдан бастап бұл іс-шара Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға арналған алаңға айналды. Биылғы жылы жәрмеңкеге Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Чжэцзян, Цзянсу, Шаньдун, Гуандун сияқты провинциялардан, сондай-ақ Шанхай мен Тяньцзинь қалаларынан келген 250-ге жуық қытайлық компания қатысты.
Вице-министр Қайрат Төребаев қазақстандық компаниялардың халықаралық көрмелерге қатысуы сауда байланыстарын нығайтуға және экспорттық келісімшарттарға қол жеткізуге ықпал ететінін айтты. Ол сондай-ақ көрме Қазақстан мен Қытай бизнес қауымдастығы арасында нәтижелі диалог пен жаңа іскерлік байланыстар алаңына айналатынына сенім білдірді.
«Біз жыл сайын Шанхайдағы Қытай халықаралық импорт көрмесіне қатысамыз. Соңғы 6 жылда Қазақстаннан 163 компания қатысты. Олар жалпы сомасы 323 миллион АҚШ долларынан асатын экспорттық келісімшарттарға қол қойды. Сондай-ақ біз екі жыл қатарынан Үрімшіде өткен ЭКСПО-Қытай Еуразия көрмесіне қатысып келеміз, онда соңғы екі жылда 80 қазақстандық компания 80 миллион АҚШ долларына келісімшарттар жасасты», - деді Қайрат Төребаев өз сөзінде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -