Кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстары
Ақтөбе облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшылығы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, азаматтық қорғау органдарының жедел ден қою шараларын қолдануға құқығы бар.
Бұл шаралар қызметті тоқтата тұруды немесе бақылау субъектісінің белгілі бір жұмыстарды орындауын қамтуы мүмкін. Бақылауға жататын заңнама талаптарын бұзу шараларды қолдану үшін негіз болып табылады.
Сондай-ақ, мемлекеттік объектілерде және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізуге тыйым салатын «Азаматтық қорғау туралы» заңдағы жаңа түзету туралы еске салды.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -