Күзет қызметі саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес құру туралы
«Кәсіптік біліктілік туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде күзет қызметі саласындағы кәсіптік біліктілікті дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіру мақсатында Ішкі істер министрлігі консультативтік-кеңесші орган - күзет қызметі саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңесті құруды жоспарлап отыр
.Қазаққстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 «Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын айқындау және олардың үлгілік ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес салалық кеңестің құрамына мыналардан:
1) мемлекеттік органның;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының;
3) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның;
4) жұмыс берушілердің;
5) салалық кәсіптік одақтардың (бар болса);
6) жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары), олар болмаған кезде салалық ұйымдардың (бар болса);
7) тиісті салада (аяда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының екеуден аспайтын өкілі кіреді.
Салалық кеңестің құрамын қалыптастыру үшін күзет қызметі саласында тиісті жұмыс түрлерін жүзеге асыратын, салалық біліктіліктерді әзірлеу және енгізу тәжірибесі бар мамандар шақырылады.
Салалық кеңеске енгізу үшін мүдделі тұлғалар:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес күзет қызметі саласындағы аттестатталатын жұмыс түрлерінің біліктілік талаптарын әзірлеу және енгізу жөніндегі тәжірибені растайтын құжаттар ұсынады.
Құжаттарды қабылдау жарияланған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде ІІМ Күзет қызметін бақылау департаментінің кеңсесі немесе a.esimsagieva@mvd.gov.kz электрондық мекенжайы арқылы жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -