Каспий теңізінің айлағында артиллериялық және зымырандық қондырғыдан оқу-жаттығу атыстары аяқталды
Әскери мақсаттағы жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлау және жүргізу жөніндегі жиын-жорық ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері 21814 әскери бөлімінің жауынгерлік даярлық жоспары бойынша өтті.
Жиын-жорық кезінде жауынгерлік корабльдер жасағы әртүрлі қару-жарақ түрлерінен – 122 мм дүркіндетіп атқыш реактивті жүйесінен, "Арбалет-К" және "Барьер-ВК" корабльдер базаларындағы зымыран кешенінен, 30 мм артиллериялық қондырғыдан, "Утес" пулеметінен және Калашников автоматынан оқ атуды орындады. Жаттығуларға жер үсті нысандарын, қалқымалы миналарды және "жау жүзушілерін" ату кірді. Зениттік зымырандық қару-жарақ арқылы әуе шабуылдарын тойтаруға, сондай-ақ бақыланбайтын жауынгерлік нысананы басып алып, жоюға ерекше назар аударылды.
– Әртекті корабльдер дивизиясына берілген барлық тапсырмалар орындалды. Қазақстандық секторда теңіз экономикалық қызметін қорғау және оның қорғаныс мәселелерін пысықтау барысында теңіз экипаждары Каспий теңізінің айлағында 500-ден астам теңіз милін еңсерді, – деп атап өтті Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы генерал-майор Серік Борамбаев.
Жинау-жорық жеті күнге созылды. Оған жүзге жуық әскери қызметші қатысты. Оқу-жаттығу барысында зымыран-артиллериялық корабльдер, "Алатау" мина-тартқыш кораблі, "Жайық" гидрографиялық катері, арнайы жаңғыртылған "Сергек" катері және "Қайсар" броньды катері сияқты әртүрлі кемелер жұмылдырылды.
Маневрлерге қатысу әскери қызметшілерді даярлау деңгейін арттыруға, іс-қимылдарды үйлестіру дағдыларын пысықтауға және ел мүддесін қорғау жөніндегі тапсырмаларды орындауға дайындығын көрсетуге мүмкіндік берді.
Жиын-жорықтың сәтті өтуі Әскери-теңіз күштерін даярлаудағы маңызды кезең болды және теңізшілеріміздің жауынгерлік дайындығы мен кәсіби деңгейінің жақсы екенін көрсетті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -