Кеңгір су қоймасындағы рейдтік жұмыстар
Демалыс күндері Ұлытау облысы аумағындағы су айдындарында рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
ТЖД және Жезқазған қаласы ТЖБ, Прокуратура, ДП және ЖӘАЖ қызметкерлерімен бірлесіп, Кеңгір су қоймасының жағалауында рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Іс-шара барысында БАҚ өкілдерін тарта отырып демалушыларға судағы қауіпсіздікті қатаң сақтап, тыйым салынған жерлерге шомылуға болмайтыны жайлы есткертіліп, жадынамалар таратылды.
Үгіт-насихат жұмыстарымен барлығы 508 адам қамтылып, 400 жадынама таратылды. Сонымен қатар, су қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын бұзғаны үшін 2 адамға ӘҚБК-нің 412 бабы бойынша айыппұлдар салынды.
Айта кететін болсақ, Жезқазған қаласы бойынша рұқсат етілген 5 жағажай орны бар екенін еске саламыз.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -