«КЕЛЕШЕК» БІРЫҢҒАЙ ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру үшін «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі (бұдан әрі – Келешек) әзірленді.
Келешектің негізгі моделі мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МБЖЖ) қолданыстағы алаңы шеңберінде іске асырылатын болады. 2013 жылдан бастап 77 мыңнан астам банктік салымдар мен сақтандыру шарттары ашылды.
Келешектің тартымдылығын арттыру мақсатында ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған балаларға 60 АЕК (221 520 теңге) және жетім балалар үшін 120 АЕК (443 040 теңге) мемлекеттен бастауыш білім беру капиталын белгілеу, барлық балалар үшін жыл сайын 5% барлық балалар үшін, 7% Халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын балалар (ХӘОТ) үшін мемлекеттік сыйлықақы төлеу көзделген.
Келешек сонымен қатар ата-аналардың балаларды оқыту траекториясын құруға қатысуын көздейді және сол арқылы оларда ақшалай жинақ мәдениетін қалыптастырады.
Келешек шоттарын Екінші деңгейдегі банктерде және балаларға арналған МБЖЖ қатысушылары болып табылатын сақтандыру компанияларында ашуға болады. Қазіргі уақытта МБЖЖ саласындағы белсенді серіктестер: «Отбасы банкі», «Халық Банкі», «Jusan Вапк», «Нұрбанк», сондай-ақ «ВТБ Банк». Бұдан басқа, Келешекті енгізумен Bank RBK, Еуразиялық банк, Bereke Bank және «Қазпошта» ұлттық пошта операторы да жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа, МБЖЖ шеңберінде 5 сақтандыру компаниясымен ынтымақтастық жүзеге асырылады. Ынтымақтастық тек жұмыс істеп тұрған тұрақты қаржы ұйымдарымен ғана жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, ата-аналар осы шоттарды ашқаннан кейін жыл сайын ХӘОТ балалары үшін 12 АЕК және қалған балалар үшін 24 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна төлеуі тиіс.
Заңнамалық негізде банктер сыйақысының ең төменгі мөлшері белгіленеді. Мәселен, 1 жылға дейінгі мерзімде жасалған салымдар үшін 200 базистік тармақтан ( - 2%) төмен емес (мысалы, егер ҰБ базалық мөлшерлемесі 15% болса, онда жылдық тиімді мөлшерлеме 13%-дан төмен болмауы тиіс), бір жылдан астам жасалған салымдар үшін 300 базистік тармақтан (- 3%) төмен емес (мысалы, егер ҰБ базалық мөлшерлеме 15% болса, онда жылдық тиімді мөлшерлеме 12% - дан төмен болмауы керек). Бұл ретте, осы салымдардағы ақшаны қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры, ал сақтандыру төлемдерінің сомасын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандырады.
Мектеп аяқталғаннан кейін жинақталған қаражатты еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында және шетелде оқуға пайдалануға болады. Грант алған жағдайда жинақталған қаражатты басқа білім беру қажеттіліктеріне немесе білім алу үшін аударуға болады, қаражатты үшінші тұлғаға аударуға, жинақтауды жалғастыруға, оларды тұрғын үйге пайдалануға, сондай-ақ білім туралы құжат ұсынылған жағдайда жинақталған қаражатты алуға болады.
Осылайша, ата-аналардың жинақтаған қаражаты мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын, жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықты, инвестициялық табысты (банктердің сыйақысын), сондай-ақ «Ұлттық қор-балаларға» жобасы шеңберінде қалыптастырылған жинақтарды ескере отырып, сапалы білім алуға немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, нысаналы мақсатқа жеткеннен кейін – білім алу (ТжКБ немесе ЖО дипломы), салымшы «Ұлттық қор – балаларға» жобасына ұқсас тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жинақталған қаражатты аударудың қосымша құқығын пайдалана алады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -