Кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік
Қала прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қоғамда кез келген құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған жұмыс жүргізілуде.
«Мүлдем төзбеушіліктің» негізгі мақсаты барлық азаматтардың мемлекеттегі тәртіп пен қауіпсіздік үшін жауапкершілігі.
Көп жағдайда мұндай әрекеттерді азаматтар қасақана жасайды. Бұл ретте әрбір азамат кез келген құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік көзделгенін білуі тиіс.
Ағымдағы жылдың 5 айында қоғамдық орындарда жасалған 26 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 422 млн теңге көлемінде 24 мыңға жуық айыппұл салынды, 462 тұлға әкімшілік қамауға алынды.
Бұл ретте ұсақ бұзақылық жасау және алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу фактілері жиілеп кетті.
Мысалы, а.ж. елорданың 20 жастағы тұрғыны мас күйінде үйдің кіреберісіне кіші дәрет сындырған.
Сот оны 15 тәулікке қамауға алды.
Басқа жағдайда, кіреберістегі есіктерді әдейі зақымдап, үйдің терезесін сындырған жас жігіт 15 тәулікке қамауға алынды.
Түнгі сағат 02:00-де Жеңіс даңғылындағы үйдің ауласында ер адам резеңке балғамен біреудің көлігіне зақым келтірген. Ол 10 тәулікке қамауға алынды.
Басқа жағдайда, темекінің қалдығын көліктен тастағаны үшін жүргізуші 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл факт бейнебақылау камерасы арқылы анықталды.
Әрбір азамат өзінің азаматтық ұстанымын көрсетіп, қандай да бір құқық бұзушылықтар, тіпті ең ұсақтарын да жасамауы тиіс екендігіне назар аударамыз.
Елордада құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау мақсатында 25 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді.
Прокуратура елорда тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындарда балағат сөздер айту және айналасындағы адамдарға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер 30 тәулікке дейін қамауға алуға әкеп соғатынын ескертеді.
Астана қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -