Климаттың өзгеруі және метан шығарындыларын азайту бойынша ынтымақтастық
Вице-министр М.Ошурбаев пен АҚШ Сауда министрлігінің Еуропа және Еуразия істері бойынша Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары Д.Де Фалько арасында кездесу өтті.
Кездесуде вице-министр климаттың өзгеруі және метан шығарындыларын қысқарту саласындағы, оның ішінде метан жөніндегі жаһандық міндеттеме аясындағы тұрақты ынтымақтастықты атап өтті.
Қазақстандық тарап жаңа ҰДК әзірлеу, халықаралық қаржыландыруды тарту және метан шығарындыларын азайтуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ алдағы COP29 шеңберіндегі іс-шаралар аясында ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Сондай-ақ тараптар биоәртүрлілікті сақтау саласындағы, атап айтқанда, ақпарат және білім алмасу, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобалар арқылы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Кездесу соңында тараптар осы салалардағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, тұрақты даму мен экономикалық ілгерілеуге қол жеткізу үшін бірлескен жобалар бойынша өзара іс-қимыл жасауға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -