Колледж студенттерімен кездесу өтті
Шымкент қаласы ТҚК аппаратының тапсырмасы бойынша қалалық Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Н.Аманкелдімен Шымкент қаласындағы «Парасат» колледжінің студенттері арасында «Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Іс-шарада радикалды ағымдардың қоғамға қауіпі жайлы кеңінен айтылып, одан сақтанудың жолдары түсіндірілді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік жеткізіліп, радикалды діни ағымдардың белгілері қарастырылды.
Сондай-ақ, шара барысында жастардың діни танымына ғаламтор мен әлеуметтік желілердің кері әсері жайлы айтылып, діни ақпараттар мен мәліметтер алуда барынша сақ болуға шақырды.
Материал Шымкент қаласы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -