«Колледждер креативті көшбасшылар мен еңбек нарығына икемді, білікті мамандарды дайындайтын алаңға айналуы тиіс»: Ғани Бейсембаев Алматының ТжКБ ұйымдарының жұмысымен танысты
Оқу-ағарту министрі Алматы қаласының колледждерінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар колледж басшыларының қатысуымен техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау мәселелерін талқылады.
Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі жеңіл өнеркәсіп, ІТ технологиялар, бизнес және қызмет көрсету саласы бойынша мамандар даярлайды. Колледж ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың да мамандық игеруіне мүмкіндік беретін инновациялық технологиялармен және алдыңғы қатарлы әдістемелермен жадбықталған. Мұнда тігін өндірісі және киім үлгілерін модельдеу мамандығы бойынша дуальді оқыту жүзеге асырылуда, сондай-ақ бұл мамандық бойынша колледж биылғы жылы халықаралық салалық аккредитацияға қол жеткізді. Академиялық мобильділік енгізіліп, студенттер Қытайдың дизайн институтында білімін жалғастыруда. «Мемлекет басшысы 2025 «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау, сондай-ақ еңбек нарығында неғұрлым сұранысқа ие мамандарды даярлау мақсатында колледждер салалық көшбасшылар бірігетін, бизнеспен ынтымақтастықты арттыратын индустриялық алаңға айналуы тиіс. Бұл мақсатта техникалық және кәсіптік білім жүйесінде тиімді менеджментті қалыптастыру аса маңызды. Жастар колледждерден мамандықпен бірге кәсіпкерлік дағдысын да меңгеріп шығуы тиіс, біз олардың бизнес-стартаптары үшін қажетті алғышарттарды қалыптастыруымыз керек», - деді министр. Сондай-ақ министр техникалық және кәсіптік білім жүйесінің қаржылық моделін жаңарту, оның ішінде жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің мөлшерін ұлғайту туралы да айтып өтті.Жиналысты қорытындылай келе, Ғани Бейсембаев колледж басшыларына бизнеспен ынтымақтастықты дамыту, студенттердің сапалы жұмыспен қамтылуын арттыру, мамандықтар бойынша халықаралық сертификаттау енгізу, педагогтердің кәсіпорындарда тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және өнеркәсіптен мамандарды тарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -