Конституциялық Сот Брайль шрифтінде басылып шыққан Конституцияны Ұлттық академиялық кітапханаға табыстады
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың кітапхана қызметкерлеріне арналған «Конституцияның үстемдігі және конституциялық бақылаудың рөлі туралы» дәрісі өтті.
Б. Нұрмұханов дәріс барысында Конституция үстемдігінің негізгі аспектілерін жан-жақты қарастырды. Ол конституциялық нормалардың сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін конституциялық бақылаудың маңыздылығына тоқталды.
Дәріс соңында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары кітапханаға алғаш рет Брайль қарпімен басылған Конституцияны табыстады. Бұл шара Ата Заңымыздың барша азаматтарға, соның ішінде мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді болуының маңыздылығын көрсетеді.
Телеграмм КС -
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -