Конституциялық Сот Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінің гендерлік стратегиясын талқылауға қатысты
Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов пен Конституциялық Сот талдаушысы Амир Умаров Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдері үшін халықаралық-құқықтық ынтымақтастық желісі (CASC) үшін гендерлік стратегияны әзірлеу және іске асыру жөніндегі өңірлік кеңесте сөз сөйледі.
Диалог алаңы Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ мемлекеттерінің конституциялық бақылау органдарының, құқық қорғау органдарының, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес сектор өкілдерін біріктірді.
Қатысушылар қылмыстық сот төрелігі жүйесіндегі гендерлік проблематиканы есепке алу мәселелері бойынша білімдерімен, тәжірибелерімен және пікірлерімен алмасты.
Бақыт Нұрмұханов өз сөзінде гендерлік теңдік жынысы бойынша кемсітуге тыйым салу туралы ереже ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларында бекітілгенін атап өтті. Ол қатысушыларға Конституциялық Соттың «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің шешімі туралы некеде тұрмаған ерлердің бала асырап алу құқығын шектейтін нормасын конституциялық емес деп тану туралы жуырда қабылдаған шешімі туралы айтып берді.
Сондай-ақ, спикер Конституциялық Соттың судьялар құрамын қалыптастыру кезінде гендерлік теңдіктің маңыздылығы ескерілгенін, онда 11 судьяның 3-і әйелдер, ал Конституциялық Сот Аппаратының жоғары және орта буын басшыларының 70%-ы әйелдер құрайтынын атап өтті.
Телеграмм КС -
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -