Конституциялық Сот жазаны орындауға қазіргі уақытта қолданыстағы заңнаманы қолдану туралы норманы тексереді
Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша Қылмыстық-атқару кодекстің 2-бабының екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
Бұл нормаға сәйкес, жазаны орындауға қатысты барлық мәселелер қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
Өтініш беруші Қылмыстық-атқару кодекстің 2-бабының екінші бөлігі Конституцияға қайшы келеді, заңның кері күші туралы норманы қамтымайды және оның жағдайын нашарлатады деп санайды.
Баяндамашы-судья: Оңғарбаев Е.А.
Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/article/details/168786?lang=kk және Telegram-арнасында https://t.me/consot_kz жарияланады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -