Конституциялық Сот жеке сот орындаушысының лицензиясынан айыру тәртібін тексерудің жол берілген шарттарын анықтаған жоқ
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Сот азаматтың өтініші бойынша «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 144-бабы 2-тармағының 7) тармақшасының және 170-бабы 1-тармағының 4) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін алдын ала зерделеді.
Аталған нормалар уәкілетті органның (Әділет министрлігінің) жеке сот орындаушысының лицензиясынан айыруын көздейді. Азаматтың пікірінше, уәкілетті органның мұндай шешім қабылдауы барлығының заң мен сот алдындағы теңдігінің конституциялық қағидатын бұзады, мемлекеттің қоғамдық бірлестіктердің істеріне араласуына жол береді және оның еңбек бостандығы мен мамандық таңдау құқығын шектейді.
Алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша Конституциялық Сот өтініш беруші көрсеткен заң нормаларын тексеру үшін жол берілген шарттардың анықталмағаны туралы қорытындыға келді. Азаматтың қоғамдық бірлестіктің қызметіне араласу туралы дәлелдері қоғамдық бірлестіктердің және жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының құқықтық мәртебесі бөлігінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейді. Өтініш берушінің еңбек бостандығы мен мамандық таңдау құқығы бұзылған деген пікірі негізсіз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -