ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.
Түркістан облысының халқы еңбекқор. Аудан, қалаларда адал еңбекпен кәсіп дөңгелетіп жүрген азаматтар көп. Солардың бірі – сарыағаштық Ерғали Мұсабаев. Сарыағаш ауданына қарасты Мәдениет елді мекенінің тұрғыны 10 жылдан бері гүл өсірумен айналысады. Ісін жұбайымен бірге үй гүлдерін өсіруден бастаған кәсіпкер, бүгінде дала гүлдерін өсіруді де қолға алған. Бұл гүлдерді еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтуде.
Шаруаның айтуынша, жыл он екі ай бойы өсіп, жайқалып тұратын гүлдердің көбейетін уақыты – қыс мезгілі. Жылыжайда бөлме гүлдерінің 10-ға жуық түрінен 50 мың түбі өсіп тұр. Ерлі-зайыптылар бөлме гүлдерін алдағы Наурыз мейрамына дайындап, өткізуге ниетті. Сондай-ақ кәсібін кеңейтуді жоспарлап, голландиялық гүл түрлерін өсіруді мақсат етіп отыр.
Осылайша, адал еңбек пен төзімділіктің арқасында өз кәсібін гүлдендірген Мұсабаевтар отбасылық кәсіптің үлгісін көрсетіп келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -