Қазақстан СІМ-де БҰҰ-Әйелдер құрылымымен өзара ынтымақтастық талқыланды
Астана, 2025 жылғы 7 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин елімізге алғашқы сапары аясында БҰҰ-Әйелдер құрылымының Еуропа және Орталық Азиядағы өңірлік басшысы Белен Санс Люкемен кездесті.
Кездесу барысында тараптар гендерлік теңдікті нығайтуға және Қазақстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.
БҰҰ өкілін қарсы ала отырып, А.Рахметуллин Қазақстан гендерлік теңдікті саяси реформалардың негізгі бағыттарының бірі ретінде санайтынын және Бейжің декларациясы мен Іс-қимыл платформасының 30 жылдығына арналған процесстерге белсенді түрде қатысатынын атап өтті.
Тараптар Бейжің+30 шолу кездесуінің нәтижелерін, «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» күн тәртібі бойынша өткен сарапшылық консультацияларды, сондай-ақ Гендерлік зорлық-зомбылықты жою жөніндегі Орта Азиялық альянсының өңірлік іс-шарасын талқылады.
Сонымен қатар А.Рахметуллин қазақстандық бастамаларды ілгерілетудің маңыздылығын айта отырып, гендерлік саясат саласындағы өңірлік жобаларды жүзеге асыруды қолдайтынын жеткізді.
БҰҰ өкілі жаһандық гендерлік күн тәртібін іске асыруда Қазақстанға одан әрі қолдау көрсетінін мәлімдеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар гендерлік теңдік жөніндегі жаһандық және өңірлік күн тәртіптері аясында әріптестікті нығайтуға және басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -