Конституциялық соттардың делегациялары мен Венециандық комиссия мүшелерінің қатысуымен Сан-Маринода өтіп жатқан «Кіші еуропалық мемлекеттердегі конституционализм аспектілері» конференциясының ерекшеліктері туралы
Конференция 2024 жылғы қыркүйектегі сайлау нәтижелері бойынша қызметке кіріскен Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы, швейцарияллық саясаткер Ален Берсенің қолдауымен өтіп жатыр. Бұл сайланғаннан кейін бірден оның қолдауымен ұйымдастырылған алғашқы қоғамдық шаралардың бірі және конференция тақырыбы Бас хатшылықтың кіші еуропалық мемлекеттердегі құқық үстемдігі мен конституционализмді дамыту саясатын қолдауға бағытталғандығын растайды.
Конференцияға Сан-Мариноның регент капитандары Франческа Чиверкья және Далибор Риккарди, Сан-Мариноның саяси және мемлекет қайраткерлері қатысты.
Сан-Марино регент капитандары – Сан-Марино Бас кеңесі екеуден 6 айға дейін сайлайтын Сан-Марино мемлекеті мен үкіметінің ұжымдық басшылары, әр жылдың 1 сәуірі мен 1 қазанында қызметке кіріседі, әдетте қарама-қарсы партиялардың өкілдері.
Бұл лауазым Рим Республикасы консулдарының үлгісі бойынша құрылды.
Бұл лауазымға ең көп сайланған Доменико Фаттори. Бұл XIX және XX ғасырларда болды (1857, 1861-1862, 1866-1867, 1870-1871, 1874-1875, 1878, 1881-1882, 1889-1890, 1895, 1900 және 1914 жылдары).
Сан-Мариноның регент капитаны болған алғашқы әйел 1981 жылы 1 сәуірде Мария Лиа Педини-Анджелини болды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -