Кореяның қоршаған ортаны қорғау қауымдастығымен (KEIA) кездесу
Экология вице-министрі М.Ошурбаев Кореяның қоршаған ортаны қорғау қауымдастығының (KEIA) өкілдерімен кездесті.
Кездесуде тараптар «сұрақ-жауап» форматында қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын жинау, сұрыптау, қайта өңдеу, атмосфералық ауаның сапасын бақылау және климаттың өзгеруі мәселелерін талқылады.
Корей тарапының өкілдері осы бағытта өзара тиімді ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.
Айта кету керек, Оңтүстік Корея бүгінде қоқыстарды бөлек жинау мен қайта өңдеудің тиімді жүйесінің мысалдарын көрсете отырып, қалдықтарды басқару бойынша әлемде алдыңғы қатарда.
Соңында тараптар қалдықтарды басқару саласындағы белсенді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -