Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Рудный қаласына барды
Бауыржан Омарбеков қайта құруды қажет ететін бірнеше көппәтерлі үйлерді аралап, сорғы және сүзгі станцияларында болды. Бұл жерде оларды жаңарту жоспарлары және жұмыстарды орындау үшін қажетті қаржыландыру талқыланды.
Атап айтқанда, вице-министр Рудныйда үй кезегінде тұрған адамдарға бос тұрған ғимараттарды көппәтерлі тұрғын үй ретінде қайта жөндеп беру секілді табысты тәжірибесімен танысты. Бұл жобалар инвесторлар мен жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылды.
Осылайша, 2023 жылы Рудныйда 4 бос ғимарат қайта жаңартылып, нәтижесінде 228 пәтер пайдалануға берілген. Ағымдағы жылы тағы 7 көпқабатты үйді қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -